info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Қапшағай қаласында балаларға арналған «Суқұйғыш» спорттық-сауықтыру орталығы ашылды

Жаңалықтар
27.05.2016

Күнделікті күйбең тірлік немесе жанталасып жұмыс істеу - адам денсаулығының әлсіреуіне, жүйке жүйесінің бұзылуына себеп болады. Сондықтан спорттық-сауықтыру бағыттағы нысандар қазір танымал болып барады. Әсіресе қала сыртындағы түрлі демалыс орындары мен шипажайларға сұраныс өте жоғары.


«Суқұйғыш» ЖШС бастапқыда автожуу қызметтерімен айналысқан. Кейіннен бизнесте жаңа бағытқа бет бұруды шешті. Атап айтқанда балаларға арналған спорттық-сауықтыру орталығын ашу жайлы ой келді.


«Жас ұрпақ үшін ең бастысы - денсаулықты күту. Білім алып, пайдалы іске дағдылануға мүмкіндік бар. Сауықтыру орталығы негізінен келушілердің денсаулығын нығайтып, біліктілігін арттыру, қабілеттерін жетілдіру және сол арқылы жалпы жағдайларын жақсартумен айналысады»,- дейді «Водолей» ЖШС директоры Х.Н.Гибатуллина.


Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша «Банк Центр Кредит» АҚ арқылы субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау алды. Алынған қаражатқа күрделі жөндеу жүргізіп, йога және би залдарын кеңейтуді жоспарлап отыр.


Сауықтыру орталығында йога, би, жауынгерлік өнер үшін 2 зал бар, сондай-ақ массаж кабинеті де ашылған. Айта кету керек, спорттық залдар барлық қажетті құрал-жабдықтармен, заманауи едендік төсемдермен жабдықталған. Санитарлық-гигиеналық талаптарға сай, мамандар білікті. Және іс жүзінде бұл аталған бизнес өзін-өзі ақтайтыны анықталды. Себебі келуге ниет білдіргендердің саны жоспарлағаннан да көп болып шықты.