info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Даму» қорының қолдауымен Қостанайда жаңа стоматологиялық кабинет ашылды

Жаңалықтар
15.12.2017

Қостанайлық тіс дәрігері Жеңіс Сарсембеков туралы интернетте ақпарат іздей қалсаңыз, тек жағымды пікірлерді кездестіресіз. «Мұнда өте жақсы дәрігер жұмыс істейді», «Мен осы дәрігерді ғана ұсынамын», «Еш өкінбейсіз!», - деген жазбалар жұртқа таң емес.

Ұзақ уақыт бойы Жеңіс коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алып келген. Биыл стоматологиялық кабинетке арналған бөлме сатып алуды шешті. Өзінің қаржысы жеткіліксіз болғандықтан, ол «Даму» қорының Қостанай филиалына көмек сұрап келіп, консультант Ирина Балышева банкке құжаттар жинауға көмектесті.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Жеңіс «Сбербанк» арқылы 13 млн теңге мөлшерінде 6%-мен мөлшерінде несие алды. «Даму» қорынан 3,3 млн теңгеге кепілдік берілді. Бұл оған жөндеу жүргізіп, қажетті жабдықтар орнатылатын стоматологиялық кабинетті сатып алуға көмектесті.