Отбасылық бизнестің басшысы Ордабаева Бибігүлдің "БиодентЭк" ЖШС жобасы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының арқасында қолдау көрді. Ордабаева Бибігүл Төлегенқызы – жоғары санатты дәрігер, Алматы қаласының медицина институтын бітірген, еңбек өтілі отыз жылдан астам, дәрігер-пародонтолог. Кәсіпкердің айтуынша, емханада он жеті жылдан астам жұмыс істеп, өзінің стоматологиялық клиникасын құру идеясы келді. Сонымен 2003 жылы Екібастұз қаласында клиника ашылған, ал бес жылдан кейін – клиника Павлодарда ашылды. Бүгінгі таңда тек қана Павлодар мен Екібастұзда ғана емес, Алматы қаласында да клиникасы бар.
Бибігүл Толегенқызы тұрақты дамып келеді, түрлі оқу-тренингтерге қатысумен қатар Германияда, Италияда өтетін көрмелерге барады. Бибігүл Толегенқызы итальяндық дәрігерлермен тығыз араласады, олар Бибігүл Толегенқызының ұстаздары болып табылады. Олар кәсіпкерге жаңа бағытты дамытуға және стоматологиялық қызметті көрсетуден басқа, сондай-ақ дерма косметология саласындағы қызметтерді көрсетуді ұсынды.
Өз ісіне кәсіпкер бар жанын салады, өз емханасын жаңа замануи американдық және итальяндық жабдықтармен жабдықтауға тырысады.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша қолдау көрген көптеген Павлодар кәсіпкерлері сияқты Бибігүл Толегенқызы да бағдарлама туралы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшісі Баденова Мадинадан білген. Кәсіпкерді ең алдымен пайыздық мөлшерлемесі тартты, осы бағдарлама аясында ол тек қана 6% - ды құрады, соған қоса "Даму" Қорының 85% - ға дейін кепілдік алуға мүмкіндігі бар.
Кәсіпкер барлық қажетті құжаттарды жинап, ДБ «Сбербанк России» АҚ -на тапсырды. Қараша айының соңында қарыз алушыны қаржыландыру туралы оң шешім қабылданды.
Алынған 18 млн. теңгеге Бибігүл Толегенқызы косметология саласында қызмет көрсету үшін корей өндірісінің лазерлік аппаратын сатып алуды жоспарлап отыр.