Алматы облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарлама бойынша кезекті жоба қолдау алды

Жаңалықтар
14.12.2017

Жеке кәсіпкер Дауткулов Абай 2004 жылы шағын қойма жалға алып, азық-түлік өнімдерін көтерме және бөлшек сатуды бастады. Абай тәуекелге бел буып үнемі «ЦентрКредитБанкі» АҚ арқылы тауар сатып алып, айналымын жүйелі түрде арттырып отырды. Кәсіпкердің жұбайы да бизнеске көмектесіп, бастаған істерін табысты отбасылық бизнеске айналдырды. 2014 жылға қарай Дауткулов Абай Талдықорғанның көтерме сауда нарығында өз орны бар тұлғаға айналды.

«Мен қоймаларыма тауар жеткізу үшін үнемі жүк машиналарын жалдап келдім – дейді Дауткулов Абай. Экономикалық тұрғыдан алғанда, өзімнің жүгімді өз жүк көлігіммен тасығаным пайдалы екенін ұқтым. 2015 жылы «Даму» Қорынан пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жөнінде қолдау алып, жүк көлігін сатып алдым. Енді жаңа бағдарламаның арқасында МАN маркалы үшінші автокөлікті сатып алдым».

Жеке кәсіпкер жылына 6%-бен «ЦентрКредит Банкі» АҚ арқылы қаржы алды. Кепілдік жетпегендіктен Даму» Қорының 9 000 000 теңге көлеміндегі кепілдігін де пайдаланды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша қаржыландыруда салалық шектеу жоқ, несиенің ең жоғары сомасы 18 миллион теңге, мерзімі - ауыл шаруашылығы үшін 7 жылға дейін, қалған салаларға - 5 жылға дейін. «Даму» қорында егжей-тегжейлі кеңестер беріледі және екінші деңгейлі банктер шешім қабылдағанға дейін жобаларын сүйемелдеу бойынша қызметтер тегін көрсетіледі. Анықтама телефондары: 8 (7282) 55-87-10.