info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Алгашқы бизнес-фитнес Семейде!

Жаңалықтар
20.12.2017

2017 жылғы 15 желтоқсанда Семей қаласында «Даму» қорының залында бірінші бизнес-фитнес өтті. «Даму» қорының филиалында сағат 11-де кірерге оын болмады. Іс-шараға қатысуға ниет білдірушілер кәсіпкерлікпен енді айналысқысы келіп жүргендер және кәсіп саласында еркін жүрген азаматтар болды кейбір қатысушылар  мемлекеттік қолдауды алғысы келгендер еді. Бүгінгі күні іс-шараның басты қонағы  «SmartStart» ЖШС-нің бизнес-фитнесінің басшысы Саят Есенгужанов болды. Қор арқылы өз кәсібін дөңгелеткен Саят қатысушылармен бөлісті.

Қандай қиындықтардан өткенін Саят өзі ғана біледі. Саят банк арқылы жұмыс жасағанда быраз қиындықтарға тап болды, заңгерлердің көмегіне жүгінді.Тауарларға және мекемеге жалпы ойлағанына қол жеткізу үшін көп жүгірді.  1 жылда қол жеткізетін келісімшарттарға Саят 3 айда қол жеткізді.

«Бірде жұмыстан кеш шығып біреуге жұмыс жасай алмайтынымды түсіндім, деді өз сөзінде Саят. Шынымды айтсам қолжетімді ақшаны алу үшін 3 ай уақытым кетті, бірақ босқа емес.»
Және міне, Саяттың арманы орындалды. Саят 2015 жылғы мамырда «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның «Даму» ФРГ кепілдігі бойынша қарыз алды, жалпы сомасы 4 304 мың.тнг құрды.
Басында Саят балаларға арналған сауық орталығын ашты, лабиринтті және ойын-сауық техникасын сатып алды. Содан кейін ол мектепке дейінгі сыныптармен кеңейтілген сауықтыру орталығы ашты, балаларды дайындау ісін ұйымдастырды.

Бүгінгі таңда Саят қандай болды? Сену қиын, бірақ бүгін Саят - тренинг центрінің жетекшісі!
«Неліктен мен орталықты трансформацияладым? Себебі, өмір бір орында тұрмайды. Бүгінгі күні олардың біреуі қызмет көрсетсе, ертең - басқа. Бастысы кәсібіңді дұрыс жолға қою және оны әр кещ дамыту болып табылады. Әрдайым қарызды пайдаланған кезде, заңды қызмет маған әрқашан қосымша қаражат ұсынды, сол себепті мен несиеге жүгіндім,қорықпадым, - деп өз әңгімесін айтты Саят.