16.01.2018
Өзінің «тәтті» бизнесін Шара Өтепқызы 2011 жылы 4 қызметкермен бастады. 2012 жылы ол «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша ғимарат алу мақсатында бірінші несиесін рәсімдеді. Бес жыл ішінде бизнес кеңейіп, жұмысшылар саны да көбейіп, 42 адамға жетті. Шығарып отырған өнімдер көрші облыстарға да таралып жатыр.
- Қазір уақыт өте тығыз, үнемі дамып отырмасаң, бәсекелестерде жоқ жаңа өнім шығармасаң, заман ағымына ілесу оңай емес, - дейді Шара Өтепқызы.
Кәсіпкер түрлі шеберлік сабақтар, тренинг, оқулардан, көрмелерден қалмайтынын айтады.
Сонымен қатар өзінің қызы Салтанат та осы кондитерлік цехта жұмыс істейді. 2015 жылы «Назарбаев Университетінде» өткен «Топ менеджерлер оқуына» қатысты. Онымен тоқтап қалмай, Қор ұйымдастыратын түрлі курстардың барлығына белсенді қатысып отырады. Ең бастысы - жұмысшыларға баса назар аударылады. Олар Қазақстан аумағымен қатар, Ресей мемлекетінде де білімдерін арттырып жүр.
Қазіргі күні бізге қосымша ғимарат керек, себебі клиенттердің саны күн санап артып келеді. Бүгінде бизнеске түрлі мемлекеттік қолдаулар қарастырылған, тек соны пайдалану үшін дер кезінде дұрыс қозғалу керек. Қазір біздің компанияға қосымша қаражат қажет. Осы себепті «Даму» Қорына тағы да келдік, мәселеміз шешілу үстінде, – дейді Шара Өтепқызы.