21.01.2018
Болат Дюсюкеев ұзақ уақыт бойы коммерциялық жылжымайтын мүлік жалдап келді. Нақты айтқанда, жас ет сататын үш сауда нүктесін ұстап, сауда жасап келді. Былтыр жыл соңына қарай Болат дүкен үшін жекеменшік ғимарат сатып алуға бел буды. Осы ойдың жетегінде «Даму» Қорына келген оған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» туралы ақпарат берілді. Ол бойынша несие алу үшін жылына 6%-бен несие алуға өтініш бере алатын еді. КҚКО менеджері Иван Дворников құжаттар тобын жылдам жинауда көмектесті.
Жобаны жүзеге асыру барысында кәсіпкер «Нұрбанк» АҚ Қостанай филиалы арқылы 15 млн. теңге несие алды.
Болат жекменшік дүкенінде ет сатып қана қоймай, өңдеп, жартылай фабрикат шығаратын цех ашуды да жоспарлап отыр.