menu
Жабу

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында кезекті жоба қолдауға ие болды

Жаңалықтар
23.01.2018

Ісін жаңа  бастаған Олжас Түлеуханов Олжас 24 жасында өзін кәсіпкер ретінде сынап көруге шешім қабылдады. Ол «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясындағы қаржыландыру нәтижесінде  Ақтау қаласында «AURA» мейрамханасын ашты.

 Олжас Түлеуханов кәсіпкер ретінде 2017 жылдың ортасында  тіркелді. 2017 жылдың қазан айында ол «Даму» Қорының Маңғыстау филиалына өтініш білдіріп, кеңес алып, қаржы агентінің көмегімен құжаттарды толық дайындады. Клиент ісін жаңа бастаушы кәсіпкер болғандықтан, бағдарламаның шарттарына сәйкес қашықтан оқып, сертификат  алды. «Даму» Қорының веб-сайтында ісін жаңа бастаған  және ісін жүргізіп жүрген кәсіпкерлерге арналған оқу курсы бар.

Жоба «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы қаржыландырылды, ал кепілдіктің жеткіліксіз болуына байланысты кәсіпкер «Даму» қорынан қарыз сомасынан 85% мөлшерінде кепілдік алды.  Мейрамхананы жөндеуге және асхана жабдықтарын сатып алуға 5 жылға несие рәсімделді. Осы жоба аясында 10 жаңа жұмыс орны ашылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бағдарлама шарттарына сәйкес, несие салалық шектеусіз 6% мөлшерлемемен,  банк комиссиясынсыз беріледі және Даму» қорынан қарыз сомасынан 85% мөлшерінде кепілдікке ие бола аласыз.