25.01.2018
«Құланның қасуына мылтықтың басуы». Бұл мақалды бизнесті дамытудағы қозғалтқыш күшке теңеуге болады. Бүгін біз сіздерді Маңғыстаулық кәсіпкер Ербол Жүнісовпен таныстырғымыз келеді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» арқылы өзінің «Арнайы құрылысқа арналған техниканы жалға беру» бизнес идеясын іске қосып, қаржыландыра алды. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бағдарлама туралы естіген кәсіпкер «Даму» қорының Маңғыстау филиалындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына өтініш беріп, банкке құжаттар пакетін жинау бойынша толық қолдау алды. Сондай-ақ бизнес-жоспар жазу үшін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Кәсіпкерге барлық қызметтер тегін көрсетілді. 2017 жылдың қараша айында кәсіпкер «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 5 жыл бойы инвестиция салу мақсатында автокран сатып алу үшін несие алды. Жүк автокранын алған кәсіпкер оны Ақтау қаласындағы құрылыс орындарына жалға беріп отыр. Осы бағдарлама бойынша қаржыландыру жылдық 6%-бен және банктің комиссиясынсыз, сондай-ақ салалық шектеусіз жүзеге асырылатынын еске сала кетеміз.