Гульнара Маркаримовна және оның пікірлес командасы осыдан 2,6 жыл бұрын Шымкент қаласында бірінші дәмді тамақтану кафесін ашқан болатын. Бұл кафе өзінің кең тағамдардың ассортиментімен танымал, 60 тан аса тағам түрі, 20 түрінен аса жидек пен шөп шайлары, ал ең басты тағам ол 25 түрлі фирмалық құймақтар. Қысқа мерзім ішінде компания 5 жаңа «Блинчик» филиалдарын ашып, және де 7 ші филиал ашуға «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында Forte банктен жеңілдетілген несие алды. Несие қаражатына компания ғимараттын «loft» стильінде жөндеу жұмыстарын өткізді, жиһаз және құрал-жабдық сатып алған. 2017 жылы желтоқсан айында салтанатты ашулуы өтті, 15 жаңа жұмыс орындары ашылған болатын.
Желіге арналған өнімдер арнайы өндірістік цехте дайындалады, шикізат экологиялық таза, кандайда бір қоспасыз және канцерогенсіз, жергілікті өндірушілерден сатып алынады. Өнім порциялық ораудан өтіп, арнайы тағамдық ыдыстарға салынып, ары қарай желіге таратылады. Бұндай тәсіл кафе желісіндегі аспаздардың жұмысын жеңілдетеді. Мысалы, келішулер 3 түрлі уылдырықпен құймақ, 2 түрлі семга балығымен құймақ тапсырыс берген жағдайда, аспаз дайын порцияланған өнімдерді алып дайындай береді. Ал цехтағылар қай құймақ түріне тапсырыс болатының кайдан біледі? Барлығы оңай, компания ашылған сәттен бастап автоматтандыру және есепке алу бағдарламасын енгізген, сол арқылы қандай тағамдар қай кафеде көп тапсырысқа ие екенің бақылап отырады. Осылай мекеме өз тұтынушысының портреттің сипаттап алған, әр желінің тұтынышыларының талғамдары әр түрлі, біреуінде көп ет қалайды, ал басқа да жеміс – жидек турлері сұранысқа ие. Бағдарлама 24 сағат онлайн турде ақпарат береді, талдайды, қандай тағам танымал, ал қандай-жоқ, сол себепті мәзір тұрақты түрде жаңартылып отырылады. Қысқа мерзім ішінде компания өз саласындағы жылдам өсіп жатқан мекемелердің біріне айналған, мұнын құпиясын Гульнара жоғары стандартты өнімдердің пайдалануы және әрбір қонаққа жеке көзқарас арқасында деп санайды.