menu
Жабу

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша қолдау көрсетілген жобалар қатарына тағы бір кәсіпкер қосылды

Жаңалықтар
31.01.2018

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы шеңберінде «Сбербанк» АҚ ЕБ «Даму» Қорының 50% дейінгі кепілдемесін алған тағы бір жобаны қаржыландырды.   

 «OPAGE» ЖШС басшысы Бекжан Ержанұлы Нұрғалиев бұл бағдарлама жөнінде «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан білген. Сондай-ақ компанияга құжаттарды жинап, банкке өтініш беруде де көмек көрсетілді. «OPAGE» ЖШС мемлекеттік бағдарлама арқасында қаңтарда мақұлдама алып, өз жоспарларын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды.

            Фирманың директоры, Бекжан Ержанұлы Нұрғалиев өз бизнесін 2015 жылы көтерме сауда саласынан бастады, бұдан кейінірек қызметін графикалық дизаин, ВЕБ-порталдарды жасау салаларында жалғастырды. Бұл тағыт Бекжанды қызықтырып әкетті. Осы салада жүзеге асыру үшін қосымша қаражатты қажет ететін жаңа идеялар туындай бастады. Қазіргі таңда Бағдарлама нәтижесінде кәсіпкер айналым қаражатын толықтыруға 15 100 000 теңге мөлшерінде несие алды.

            - Кез келген клиент өзінің жобасы қалай жүзеге асатынын көргісі келеді, бұндай кезде 3D дизайн көмектеседі. 3d Max және баска да бағдарламалардың көмегімен сіздің қиялыңыздағы ғимараттың ішкі және сыртқы көрінісін нақты түрде көрсете аламыз. Нысан түрлі-түсті бояулармен және текстуралармен жарқырап шыға келеді. Бұл тек қана сурет қана емес, шолу бұрышын ауыстыруға болатын нағыз көрініс. Біздің қызметімізді ірі компаниялар және дербес тұлғалар пайдаланады. Әрине, графикалық дизайннің жұмысы жобаның құнын көтереді, бірақ сондай-ақ оны түсінікті және қолжетімді етеді. Жобаны жүзеге асырғанша сіз оны шынайы түрде тамашалай аласыз. Егер де сіздердің штаттарыңызда тәжірибелі сұлбашы болмаса немесе архитектор жұмысын жасап үлгермей жатқан болса, бізге келіңіздер – дейді Бекжан.