ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТЕН ҚОЛДАУ АЛҒАН КОМПАНИЯЛАРда ПРЕСС ТУР ӨТТІ

Жаңалықтар
21.10.2022

«Даму» қорының Қарағанды облыстық филиалы ұйымдастырған баспасөз турына өңірлік және республикалық БАҚ өкілдері қатысты.

Филиал директоры Әсет Тілемісов «Даму» қорының кәсіпкерлерге қаржылай қолдауының нәтижелеріне тоқталды.

2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қарағанды облысында жалпы несие сомасы - 26,6млрд теңгені құрайтын - 772 жоба бойынша субсидиялау келісіміне қол қойылды. Олардың ішінде:

- «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы бойынша – 20,57 млрд теңгеге 736 жоба (оның ішінде 1-бағыт аясында 4,55 млрд.теңгеге 575 жоба);

- «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша (ЭҚБ) – 2,5 млрд.теңге сомасына 8 жоба.

- «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша – 3,4 млрд.теңгеге 28 жоба.

Ішінара кепілдік алған жобалар санының артұаны байқалады. 2022 жылдың тоғыз айында кәсіпкерлердің 720 жобасына несиенің жалпы сомасы 16,2 млрд теңгені құрайтын кепілдік берілді. Оның ішінде:

-      Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бағдарламасы аясында – 13,2 млрд теңге, кепілдік сомасы 7,3 млрд теңгені құрайтын 717 жоба;

- «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша (ЭҚБ) – 375 млн теңге сомасына 3 кепілдендірілген жоба.

 Журналистер облыстың түрлі қызмет салаларында бизнес-идеяларын жүзеге асырып жүрген 3 кәсіпорынға барды. Кәсіпорын басшылары қандай мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланғандарын айтып берді: 

«Нәтиже тәтті» ЖШС. Natige компаниясы – Қарағанды ​​облысындағы сүт өнімдерінің жетекші өндірушілерінің бірі. Қазіргі уақытта жаңа бағыт – Kurabie брендімен печенье өндірісі қолға алынды. Фабриканың өндіріс алаңы: 1500 шаршы м. Тәулігіне 20 тонна дайын өнім шығады. Фабрикада Еуропа мен Түркияның заманауи, жоғары технологиялық, автоматтандырылған қондырғылары орнатылған. Жоба «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында жеңіл

несие алды. 45 жаңа жұмыс орнын ашуға ықпал жасады.

 «Азия - СМ» ЖШС. Protec сауда белгісімен халықаралық және салалық стандарттарға сәйкес антифриз, салқындатқыштар өндіреді. Өндірілген өнім келеді. Өндірісте әлемге әйгілі өндірушілердің шикізаты пайдаланылады, бұл импорттық аналогтардан кем түспейтін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Компанияда сынақ (R&D) орталығы, сондай-ақ өнім мен түсетін шикізаттың сапасын бақылау үшін өндіріс зертханасы бар. Protec салқындатқыштары Hyundai, Kia жеңіл және жүк көліктерінің қазақстандық өндірісінде (конвейерлік желілерде), Yutong автобустарында қолданылады. Тау-кен өнеркәсібі және мұнай-газ секторының кәсіпорындары өнім сапасын жоғары бағалады, олар бірнеше жылдан бері импорттық машиналар мен жабдықтарда пайдалануда. Жоба «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау алып, кепілдік пен субсидия алды. Бұл 250-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға және өндіріс қуатын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. 

3. «КазПласт» ЖШС. Еуропалық замануи технологиялық жабдықтарда айналмалы қалыптау әдісімен полиэтилен бұйымдарын өндіруші. Атап айтқанда: диаметрі 125 тен 500 см дейін гофрланған құбырлар, полимерлі материалдан жасалған азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға арналған ыдыстардың 67-ден астам түрі мен әртүрлі модификациялары, балалар ойын алаңдары - ойын кешендері. Жоба «Ұлттық жоба» мен «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия мен кепілдік алды. Бұл 50-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға және өндіріс қуатын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді.