menu
Жабу

Алматыда өткен дәстүрлі Women in Business форумы өтті

Жаңалықтар
23.02.2023

Алматыда өткен дәстүрлі Women in Business форумында «Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева Қордың ШОБ қолдау құралдарымен таныстырып, бизнестегі арулардың сәтті жүзеге асырған жобаларын бөлісті. 

Жүзден астам әйел кәсіпкердің басын қосатын бұл жиынға оңтүстік астананың қоғам қайраткерлері, ірі компаниялар мен қаржы институттарының басшылары да қатысты. 

Форумда талқыланған басты тақырыптар:

·       Экономикалық талдау мен болжамдар,

·       Бизнесті дамытуға арналған қаржылай қолдау түрлері,

·       Макроэкономикадағы трендтер мен ел экономикасын дамыту жолдары,

·       Әйел кәсіпкерлерге арналған қолдау құралдары және т.б. болды.
 

Қор жүзеге асыратын бағдарламалар бойынша қолдау алған жандардың ішінде әйел кәсіпкердің үлесі 46%-ды құрайды. Қордың қаржылық бағдарламалары аясында қолдау тапқан әрбір екінші жоба әйелдерге тиесілі. Көбінесе ЖК ретінде жұмыс істейтін арулардың орташа жасы 39-40 шамасында. Кәсіпкер әйел орта есеппен 3 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, жылына 3 млн теңге салық төлейді. Қор бағдарламаларына қатысқан әйелдердің кәсіпорындарында 167 мыңға жуық адам жұмыс істейді. 

Жалпы, субсидия және несиеге кепілдік беру, сондай-ақ жеңіл несие түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары аясында несие сомасы 10,5 трлн теңге болатын 184,7 мың жоба қолдау алды. Оның ішінде әйелдердің 85 мың жобасы 2,4 трлн теңгенің несиесіне қол жеткізген. 

Форумда кәсіпкерлер үшін шеберлік сабақтары, коучинг және бизнес-сессиялар, табысты көшбасшы әйелдермен кездесулер, экспресс-консультациялар өтті. Билет сатудан жиналған қаражат әлеуметтік жобаларға жұмсалады.