info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Ұлттық нақыштағы бұйымдар

Жаңалықтар
18.04.2023

Батыс Қазақстан облысында ағаштан этно-стильде ыдыс-аяқ жасайтын тамаша цех бар. Бұл шеберханада ағаш өңдеуден бастап сурет салу мен бояуға дейінгі барлық өндірістік процесті жүзеге асыратын алты адам жұмыс істейді.

2022 жылдың соңында кәсіпкер Нұрсұлу Саконқызы «Нұрбанктен» жабдық сатып алуға 21,75%-бен несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында оның 15,75%-ын мемлекет субсидиялайды. «Даму» Қоры кепілзат жеткіліксіз болғанда кепілдік те берді.

Бүгінгі таңда «Дәстүр» ЖК шығаратын ағаш ыдыстары мен ас үй жиһаздары бүкіл Қазақстан бойынша үлкен сұранысқа ие. Себебі – табиғи, сапалы әрі әсем. Ет табақ, астау, нан тақтай, оқтау, кәдесыйлар, жер үстел, сағат, сандық, бесік, балалар ойыншықтары секілді өнімдер қайың, жаңғақ, емен, балқарағайдан жасалады.

«Дәстүр» ЖК табысының сыры – өз ісіне деген сүйіспеншілікте!

БҚО, Орал қ., Абай даңғылы 90/1

Тел. +7 747 494 88 10

Instagram: @dastur_qz