info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Тараз қаласында матрацтар өндірісі жобасы қолдау тапты

Жаңалықтар
18.04.2023

«Повстянко Г.О.» ЖК 2011 жылдан бастап матрац өндірумен айналысады. Қазақстан нарығындағы өнімдері «AVERO» matras fabrikasy» сауда белгісімен сатылып жатыр.

Компания ортопедиялық серіппелі-матрацтардың тәуелсіз серіппелі блокты, серіппесіз, мақталы, поролон сияқты 30-дан астам түрін жасайды.

Цех ғимаратын көп жылдан бері жалға алып келген Григорий Повстянко шығынды бизнеске салу жағын, қызметтің оң нәтижелерін есептей келе, жекеменшік ғимарат сатып алу туралы шешім қабылдады.

Григорий Повстянко «Даму» Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгініп, толық кеңес алып, «Қазақстан Халық Банкінен» 14,75%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкер сыйақы мөлшерлемесін 6%-бен төлейді, ал 8,75% мемлекет субсидиялайды.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Сыпатай батыр көшесі 8 б.

Instagram: @Matrasy_avero_kz

Телефон: +7 701 902 51 73