info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Ерекше берік әйнек өндіретін зауыт

Жаңалықтар
20.04.2023

Қызылордада шыңдалған әйнек шығаратын «Комфорт 1KZ» ЖШС бірегей зауыты бар. Одан энергияны үнемдейтін және шағылыстыратын әртүрлі сипаттамаларға ие екі қабатты терезелер, айналар да жасалады.

Серіктестіктің негізін қалаушы – Қайрат Үсенов. Ол бизнестегі алғашқы қадамын 2009 жылы көтерме саудадан бастаған. 2014 жылы бастапқы капиталын жинап, теңдесі жоқ жеке өндіріс ашуды ұйғарды. Таңдау шыңдалған шыны жасауға түсті.

- «Біріншіден, мен қала ішінен шикізатты жеткізуге және дайын өнімді жөнелтуге өте ыңғайлы темір жол төсемі бар қолайлы жер таптым. Әйнекті күйдіруге және екі қабатты терезелерді шығаруға арналған жабдық сатып алдым. Клиент тартуға интернетті белсенді пайдаланудың арқасында әуел бастан тапсырыс көп болды. Кәсіпорынның кірісі жыл сайын артып отырды, бұл кейінірек жылтырату, сырлау, шыны жиектерін өңдеу үшін көп функционалды өңдеу желілерін, сондай-ақ шикізат пен дайын өнімді тасымалдауға арналған автопаркті сатып алуға мүмкіндік берді», - дейді Қ.Үсенов.

Кәсіпорын өнімдері беріктігі жоғары екі қабатты терезелер, витриналар, душ кабиналары, шатырлар, жиһаздар, мөлдір баспалдақтар, қалқалар және басқа да интерьер шешімдерін өндіруде, билбордтар мен сыртқы жарық дисплейлерін жасауда қолданылады.

Кәсіпорын басшысы өткен жылы Қазақстанда үлкен сұранысқа ие қаңылтыр айна шығаратын жаңа құрал-жабдықтарды сатып алып, өнім түрін кеңейтуді ұйғарды. Оның жеткізушілері негізінен Ресейден келген өндірушілер. Кәсіпкер бизнес-идеясын жүзеге асыру үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының облыстық филиалына мемлекеттік қолдауға жүгінген. Жоба «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алуға мақұлданды.

-«Қордың бізге көрсеткен көмегі бізге қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесі бойынша субсидиялануында болды. Ал «Даму» қорының кепілдігі кепілдің жоқтығы мәселесін шешті. Бұл қолдаудың біз үшін маңызы зор». – дейді зауыт директоры.

Қызылорда қаласы, Жанәділов көшесі, 33

Instagram: @mirstekla_kzo