info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«PRIMAVERA» ең нәзік печеньесі

Жаңалықтар
04.05.2023

Қазіргі кезде қоғамдық тамақтандыру қызметі біртіндеп индустриялану жолына көшуде. Заманауи техникалық құралдармен жабдықталған заманауи кәсіпорындар ашылып жатыр. Ұннан жасалған кондитерлік өнімдердің үлкен ассортименті мен сапасы де ерекшеленіп келеді. Көпшілік мұндай өнімдерді өз бетінше дайындаудан гөрі сатып алуға көшті.

«PRIMAVERA» ЖК түтікше печенье өндірумен айналысады. Жас кәсіпкерлер ашқан цех Талдықорған қаласында орналасқан. Жұмыс істеген 6 ай ішінде-ақ өнім республиканың 3 облысының нарығында сапалы отандық өнім ретінде танылды. Азық-түлік дүкендері тарапынан сұраныс жоғары печеньелердің 5 түрі пайда болды. Кәсіпорын жас кондитерлерге 15 жұмыс орнын ұсынады. Печеньенің негізгі құндылығы – құрамы артық қоспасыз, табиғи шикізаттан жасалатындығында.

Компания «Bereke Bank» АҚ арқылы несие алып, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында қарызын субсидиялады. Қор кепілзат жетіспеген жеріне кепілдік берді. Қаражат айналым қаражатын толықтыруға жұмсалды. Компания алдағы «ULTTYQ ÓNIM» көрмесіне де қатысуды жоспарлап отыр.

Талдықорған қаласы, Рақышев көшесі 9

+7 (778) 060 85 38

Инстаграм: @primavera_cookies