info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Тараз қаласында құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру жобасы қолдау тапты

Жаңалықтар
25.04.2023

«AR-Adhesion» ЖШС «Strong Products» брендімен үнемді жөндеу және әрлеу жұмыстары үшін таптырмас құрғақ құрылыс қоспаларын шығарады. «Eco Plaster», «White Plaster», «Elyte Polymer» брендімен шығатын желіде: сылақ, желімдер мен сұйық еден, сәнді сылақтар бар. Бренд жоғары сапалы өнімді қол жетімді бағада шығаратындығымен танымал.

Өнім көлемі мен сапасын арттыру үшін компания арнайы жабдық сатып алуға шешім қабылдады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл облыстық филиалына хабарласып, несие алу бойынша барлық қажетті ақпаратты алып, кәсіпкер құжаттарды «Банк ЦентрКредит» АҚ Тараз қаласындағы филиалына тапсырды. Банк қарағаннан кейін несие мақұлданды, жобаны «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының екінші бағыты аясында субсидиялау және кепілдік беру құралдары аясында «Даму» Қоры қолдады.

Бұл несие кәсіпкерге өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Махамбет батыр көшесі, 5 С

Телефон: +747-050-02-41