info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Даму» қоры Еуропалық Одақтың Еуропалық кепілдік ұйымдарының қауымдастығына кірді.

Жаңалықтар
27.04.2023

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Еуропалық Одақтың Еуропалық кепілдік ұйымдары қауымдастығына қосылды. Бұл қандай ұйым және бұл ынтымақтастық «Даму» Қоры үшін қаншалықты пайдалы?

Еуропалық кепілдік институттары қауымдастығы (AECM) 1992 жылы құрылған, ол кез келген саяси немесе қаржылық топтарға тәуелсіз ашық демократиялық ұйым ретінде жұмыс істейтін халықаралық коммерциялық емес компания. AECM штаб-пәтері Брюссельде орналасқан Еуропалық комиссияның серіктесі.

AECM өз серіктестері мүддесін Еуропалық Одақ (ЕО), Еуропалық Комиссия, Еуропалық Парламент және Еуропалық Одақ Кеңесі, сондай-ақ (Еуропалық инвестициялық банк (ЕИБ), Еуропалық инвестиция Қоры (EИҚ), Экономикалық ынтымақтастық ұйымы және (ЭЫДҰ), Дүниежүзілік банктер тобы, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ)) сияқты қаржылық институттар алдында ұсынады.

Айта кету керек, бүгінде AECM-ге Еуропаның 31 елінен 46 кепілдік ұйымы кіреді.

AECM мүшелерінің ортақ міндеті шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері несиелері мен басқа да міндеттемелерін қамтамасыз ету. Ресми деректерге сәйкес, AECM -ге мүше ұйымдардың жалпы кепілдік портфелі 6 миллионға жуық шағын және орта кәсіпорындарды қамтитын 312 миллиард еуродан асады.

Сонымен, «Даму» Қорының AECM қатарына қосылуы не береді?

Біріншіден, AECM материалдарына және зерттеулеріне қол жеткізу. Еуропалық қауымдастық серіктестерге жақсырақ қызметтер ұсынуға қажет тиісті кепілдік құралдарын алға жылжыту үшін техникалық деректерді, статистиканы, ақпараттық бюллетеньдерді және басқа жарияланымдарды ұсына отырып, кепілдік секторын үнемі қадағалап отырады. Атап айтқанда, бұған мыналар жатады: жартыжылдық статистикалық есептер (фактілер мен сандар); белгілі бір тақырыптар бойынша пікір білдірген мақалалар (оның ішінде баспасөз-баяны); кепілдік шараларына қатысты мәселелер бойынша тақырыптық есептер; жылдық қызмет туралы есеп; жаңалықтар топтамасы қолжетімді болады.

Екіншіден, AECM-мен серіктестік «Даму» компаниясына еуропалық кепілдік берудің озық тәжірибесі және ЕО кепілдік беретін ұйымдармен тәжірибе алмасу мүмкіндігі Қордың халықаралық серіктестік желісін кеңейту әлеуетін қамтамасыз етеді. АЕСМ жұмысы шеңберінде жұмыс топтарының отырыстары, жыл сайынғы семинарлар, тренингтер және спикерлерді шақыру арқылы жекелеген мәселелер бойынша арнайы іс-шаралар өткізіледі. Осы орайда АЕСМ жыл сайын гибридті форматтарда шамамен 15-16 техникалық кездесу өткізетінін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, Еуропалық қауымдастық жүйелі түрде ауқымды іс-шара ретінде АЕСМ мүшелерінің жыл сайынғы кездесуін ұйымдастырады. Жиналыс жалпы отырыс пен семинарды қамтиды, оған еуропалық институттардың, ұлттық жоғарғы органдардың, кепілдік институттарының топ-менеджерлері қатысады.

Мұндай іс-шараларға қатысу Қорға халықаралық қаржы институттарымен және АЕСМ мүше ұйымдарымен тікелей диалог пен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.