info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Астанада дәмді шұжық өнімдер шығаратын компания мемлекеттен қолдау алды

Жаңалықтар
27.04.2023

«Максимовский продукт MF» өндірістік брендінің құрылу тарихы 2016 жылдан бастау алады. Ол кезде тәжірибелі басшы әрі кәсіпкер Фархад Мадалиев заңды нысан тіркеп, қолға алған өндірісін кезең-кезеңмен дамытуға кірісті. Алдымен орналасатын жерді анықтау керек болды. Таңдау Астананың оң жағалауына түсті. Содан кейін жергілікті шикізатқа бейімделген шетелдік өндіріс технологиясын таңдады. Бұл – өте жоғары сапалы тауар алуға мүмкіндік берді. Шикізат жеткізушісін таңдау маңызды фактор болғандықтан, оған да ерекше назар аударылды. «Өйткені нағыз шұжық толықтай еттен жасалуы керек. Кем дегенде, 97-98 пайыз», - дейді Фархад Мадалиев.

Қазіргі уақытта кәсіпорын өз саласында жетекші саналады. Өндіріс технологияны үнемі бақылап отыру өнімге деген сенімді нығайтып, тұтынушының сүйікті асына айналды. Цех жыл сайын азық-түлік өнімдерін сақтау және өндіру бойынша барлық қажетті стандарттарға сәйкестігіне тексеруден өтеді. Айта кету керек, өнімдер «Халал» стандартына сәйкес өндіріледі, сондай-ақ сертификатталған және ветеринариялық бақылауда болады, бұл – өнім сапасын арттырады.

«Максимовский продукт MF» ЖШС «Даму-Өндіріс» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы жеңілдікпен несие алды.

«Максимовский продукт MF» ЖШС өнімдері: қайнатылған шұжық, жартылай ысталған шұжық, деликатестер (ысталған-қайнатылған сиыр еті, ысталған-қайнатылған ет деликатесі, жая), шұжықтардың бар түрі.

Астана қ., Жетіген д. 41

Байланыс телефоны: +7 (701) 084-80-08

Веб-сайт: https://mf-produkt.kz/main