info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Meko» брендінің киімдері - жайлы, сәнді және ұлттық нақышта

Жаңалықтар
02.05.2023

Атақты кутюрье Оскар де Ла Рента - «сән – соңғы тренд бойынша киіну өнері. Стиль — өзіңізге не қажет екенін білу өнері» деген екен. Шынында да, әр адам денесіне қона кететін ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар көңілін көтеріп, мерейін өсіретін де киім стилін іздейді.

«Meko» сән брендінің негізін қалаушы Меңдібек Нұрғалиев бизнес бастарда жайлылық пен ыңғайлылықты, жастар сәнінің соңғы трендтерін, сондай-ақ дәстүрдің басын қосып, қазақстандық тұтынушының көңілінен шықты.

«Meko» компаниясы банктен несие алып, «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру түріндегі мемлекеттік қолдауды пайдаланды.

Қаражат өндірісті кеңейтіп, қазақстандық нарыққа шығуына мүмкіндік берді.

БҚО, Орал қаласы, Еуразия СО

Тел. +7 705 217 50 07

Instagram: @meko.market