info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«ПавлодарМетизЦентр» ЖШС – сенімді серіктес

Жаңалықтар
28.04.2023

«ПавлодарМетизЦентр» ЖШС 1997 жылдан бастап темір торлар мен метиз өнімдерін шығарып келеді. Осы жылдар кәсіпкорын нарықта өз саласының үздігі екенін дәлелдеді.

МемСТ-қа сай келетін барлық өлшемдегі болаттан өрілген тор, темір-бетон конструкциялары үшін дәнекерленген тор, «ТЕДЕЦИН-2» термодиффузиялық мырыштау-металл бұйымдарын коррозиядан қорғаудың заманауи, прогрессивті әдісі – өндірістің мақтанышы.

Қазақстан ғана емес РФ, Беларусь, Украина және Алманияға экпорттайды.

«Даму» Қорының «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасына қатысуының арқасында компания айналым қаражатын толықтырады. Несие мөлшерлемесі 14% құрағанмен, оның 8 пайызын мемлекет бағдарлама аясында субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.

Өнімдердің қысқаша тізімі: болт, гайка, бұранда, шпилька, шайба, тойтарма, шегелер, сым, электродтар, шплинт және т. б.

«Серіктестер арасында: «Қазақстан алюминийі» АҚ, «ҚЭЗ» АҚ, «Богатырь Транс» ЖШС, «ЕЕК» АҚ, «ССКӨБ» АҚ, «Қазхром» АҚ, «Қазмырыш» АҚ, «Қазақмыс» АҚ және тағы басқа да елдегі ірі кәсіпорындар бар», - дейді компания директоры Игорь Ефремов.

Өндірістік компаниялардың 15 мың жеткізушісінің ішінде үздік деп танылып, «Қазхром» ТҰК «АҚ-ның 2022 жылғы үздік жеткізушісі» атағымен марапатталды.

Павлодар қаласы, Өнеркәсіптік аймақ, Орталық 270, а/я 767

+7(7182) 994 135, +7 (777) 767 81 04 +7 (707) 291 27 81 call center +7 (7182) 906 888

1@metizcenter.kz

https://metizcenter.kz/