info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

ANA BRAND – жүзіңізді жарқырататын киім

Жаңалықтар
03.05.2023

Жүктілік – қап тәрізді киім киіп, гардеробтағы сәнді модельдерден бас тартуға себеп емес. Болашақ ана да әдемі киінуі керек. Әсіресе көктемде, айналаның бәрі гүлдеп, хош иіс жұпар шашқанда сәнденуі керек.

ANA BRAND – жүкті және бала емізетін аналарға арналған киім шығаратын қазақстандық компания. Күнделікті киетін киімдердің бәрі анасы баласын қымсынбай емізуге ыңғайлы етіп жасалған.

Брендтің тарихы 2022 жылы басталды. Бизнестің негізін қалаушы Дауленова Айнұрдың басты миссиясы – бала емізетін аналар саны барынша көп болса және белсенді өмір салтынан бас тартпаса деген ойдан туды. Ана болу және бала бағып үйде отыратын уақыт бір жағынан жаңалық ашуға берілген мүмкіндік деп те қарастыруға болады. Сондықтан компания заманауи аналардың өзін емхана мен ойын алаңы арасында ғана жүретін салпыетек әйел образынан аулақ қылуға ұмтылады. Саяхаттау, қалада серуендеу, мұражайлар мен көрме аралау, құрбыларымен қызықты кездесулер, әйелдер клубына мүше болу – мұның бәрі сәнді киініп, баламен жүріп-ақ атқарылар шаруалар.

Кәсіпкер айналым қаражатын толықтыру қажет болғанда «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында несие алып, «Даму» қорының субсидиясымен пайыздық мөлшерлемені 8 пайызға дейін төмендетті.

Байлыныс телефоны: + 7 747 431 34 16

Мекенжайы: РК, Абай облысы, Семей қ., .Б. Момышұлы көш. 22

Инстаграм: @ana_brand_kz