info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Бәсекесі жоқ бизнес

Жаңалықтар
04.05.2023

Ғалым Прекешов басшылық ететін «NP Consulting» ЖШС 2013 жылдан бері су өткізбейтін каскалар шығарып келеді. Кәсіпкер қауіпсіз жұмыстың таптырмас атрибуты саналатын, облыста ғана емес, республика көлемінде баламасы жоқ өндірісті жолға қойған. Стандартты емес бұл бизнес түрі нарықта үлкен сұранысқа ие болды және өнім сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес болуы үшін жаңа жабдықты орнату туралы шешім қабылданды. Бұл – өндірістің әрбір кезеңінде ең заманауи технологияларды қолдануға мүмкіндік берді.

Кәсіпкер қаржы алу үшін «Банк Центр Кредиттен» АҚ-на жүгінді, олар «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша жылына 14%-бен несие мақұлдады. Бағдарламаға қатысудың арқасында оның 6%-ын ғана кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды және қарыз сомасының 50%-ына Қор кепілдік ұсынды.

Жаңа құрал-жабдықтар алудың арқасында мойнында реттеу механизмі бар каскалар өндірісі жолға қойылды. Бұл – касканы шешіп әуре болмай, мойында бұрап-ақ басқа мықтап бекітіп, иіліп, бүгілген кезде бастан түспеуіне, бас өлшемін оңай және тегіс реттеуге мүмкіндік береді. Компания өнімдері неміс технологиясы бойынша шығарылады.

Өткен жылы компания басшысы пластмасса өңдеуге байланысты қосымша өндірісті кеңейтіп, ашу туралы шешім қабылдады. Енді қорғаныс каскаларынан бөлек, ауыз су өндіретін кәсіпорындар үшін 20 литрлік бөтелкеге ​​арналған қақпақтар шығарылады. Біздің аймақтан бөлек, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қарағанды ​​облыстарында да сұраныс бар.

Ғ.Прекешовтың айтуынша, олар мұнымен тоқтап қалмайды және оның болашағы зор. Яғни, «Қызылордада жасалған» өнімдері өз тұтынушыларын әлі де қуанта береді деген сөз.

Қызылорда қаласы, Хорасан көшесі, №41

Инстаграм:@kaski_kryshki_made_in_kz

e-mail: npconsultingservices@gmail.com