info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Баланың оң-өрісін дамытатын пайдалы ойыншықтар

Жаңалықтар
05.05.2023

Саратова Наталья Юрьевна «Bala-Boom» брендімен 2019 жылдан бері баланы дамытатын ойыншықтарды ағаштан жасап, сатумен айналысады. Жоғары оқу орнын бітірген соң Наталья Саратова «Интерактив Корпорейшн» АҚ маркетинг жөніндегі директоры болып жұмыс істеді. 2012 жылы «Элсиор» ЖШС директоры және құрылтайшысы болды. Осы уақыт аралығында жұбайы Михаил Анатольевичпен бірге Hape Group баланы дамыту ойыншықтары холдингінің Қазақстандағы дистрибьюторы ретінде де жұмыс істеді. Біраз уақыттан кейін дүкен офлайн форматта жұмысын тоқтатты. Қытай аумағында Еуропалық брендтер үшін ойыншық шығаратын шетелдік өндірушілерді елге әкелуге біраз тырысып, Шанхайда келіссөздер жүргізген соң ол, мұндай ойыншық өндірісін Қазақстанда өзі ашу идеясы пайда болды. Сөйтіп, 2017 жылы «Bala-Boom» дамыту ойындары бренді құрылды. Ал Наталья Саратова брендтің негізін қалаушы және жетекшісі болды.

Кәсіпкер айналым қаражатын толықтыру қажет болғанда «Даму» Қорына «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау сұрады. Нәтижесінде кәсіпкер несиесін 6%-бен төлейді, айырмасын мемлекет субсидиялайды.

«Bala-Boom» ойыншықтарын жәй ғана шығарумен емес, оларды мемлекеттік білім беру стандарттарына сүйене отырып жасаумен айналысады. Ол үшін тәрбиешілерді, ғалымдарды, әдіскерлерді, суретшілер мен дизайнерлерді біріктіретін ұлттық SANALY URPAG қауымдастығы құрылды. Бүгінгі таңда «Bala-boom» қазақ және орыс тіліндегі ойыншықтардың 250-ден астам түрін ұсынады. Бұл – экологиялық таза, қауіпсіз және сенсоримотор дамыту кешендері.

+7 705 305 7777

ШҚО, Өскемен қаласы, Джек Лондон көшесі, 413