info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Мектепке дейінгі білім – білімдердің негізі

Жаңалықтар
03.05.2023

Мектепке дейінгі білім мен тәрбие – Қазақстандағы білім беру жүйесінің құрамдас бөліктерінің бірі. Оның мақсаты – баланың психикалық және физикалық дамуы ғана емес, жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңіріп, мәдениетті тұлға қалыптастыру.

Бірнеше жылдан бері жас ұрпақтың дамуына кәсіпкер Лаура Құсманова да үлес қосып келеді. «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында ол Атырау қаласында жұмыс істеп тұрған екі балабақша: Лесхоз ауданында «Алтын сақа-1» және Мұнайшы шағын ауданында «Алтынсақа-2» балабақшасын ашуға мүмкіндік алды.

Қазіргі таңда екі балабақшада 350-ге жуық бүлдіршін тәрбиеленуде. Ғимараттар барлық қажетті құрал-жабдық, жиһаз, тұрмыстық техникамен жабдықталған, ойын алаңдары бар. Сабақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес, «Қарлығаш», «Зерек бала» оқу жоспарлары бойынша қазақ және орыс тілінде, демалыс және ұзартылған күн топтарында жүргізіледі. Балаларға 5 мезгіл тамақ беріледі.

Сонымен қатар, Лаура Құсманова кәсібін кеңейтіп, оқу-шығармашылық спорт орталығын ашуға шешім қабылдады. Онда оқу, спорт, би, аспаптық және ақпараттық технологиялар секілді бірнеше үйірме түрін ашу жоспарланды.

«Орда-Сұлтан» ЖШС-нің осы мақсатта жылжымайтын мүлік сатып алу жобасын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қолдап, 18,5% -бен несие мақұлдады. «Ұлттық жоба» аясында оны кәсіпкер 6%-бен төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Қордың кепілдігі несие құнының 23%-ын құрады.

Атырау қаласы, Лесхозная к-сі, 7

Инстаграм: @altynsaka_atyrau