info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Диведенттер төлеу жайлы ақпарат

Жаңалықтар
12.05.2023

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы, Алматы қ., Гоголь көш, 111 орналасқан, реквизиттері: ЖСК KZ196017131000002552, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, БСК HSBKKZKX, БСН 970840000277, Кбе 15 Жалғыз Акционердің («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының 10.05.2023 ж. № 18/23 сырттай отырысы) шешімі негізінде жай акциялар бойынша дивидендтер төленетіні туралы хабарлайды.

2022 жылға арналған іс-шаралар қорытындысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері 483,26 (төрт жүз сексен үш) теңге 26 тиын болды. Дивидендтердің жалпы сомасы 13 416 382 035,44 (он үш миллиард төрт жүз он алты миллион үш жүз сексен екі мың отыз бес) теңге 44 тиын.

2022 жылға дивидендтер төлеу – 10.05.2023 ж, шешім қабылданған күннен басталады.

Дивидендтер 2023 жылдың 01 маусымына дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ акционерлер тізілімі жүйесінде көрсетілген «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ банктік шотына қолма-қол ақшасыз аудару жолымен төленеді.