info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Диагностикалық тест шығаратын инновациялық өндіріс

Жаңалықтар
11.05.2023

1998 жылы 4 қыркүйекте құрылған «КАЗ-ДИА-ТЕСТ» ЖШС – клиникалық зертхана диагностикасы саласындағы алғашқы отандық өндіруші.

2005 жылдан бастап компанияның заманауи, жедел жасалатын зертханалық жаңа буын тесттері өндірісін дамыту және кеңейтудегі стратегиялық серіктесі – медициналық ИФА диагностикасында ноу-хау ашқан, яғни иммунокомб ИФА тест-жүйесін шығаратын Израильдің әлемге әйгілі Orgenics LTD биотехнологиялық компаниясы.

Бүгінгі күні «КАЗ-ДИА-ТЕСТ» ЖШС қандағы есірткі, алкоголь, жасырын қанды анықтайтын тесттер мен әртүрлі инфекцияларды анықтауға арналған КТД тесттерін, иммунокомб ИФА тест-жүйелерін жеткізушілердің бірі саналады.

«КАЗ-ДИА-ТЕСТ» ЖШС ISO 9001-2008 халықаралық сапа стандартының және Австрия қаласында № KZ 104QC 14.08.2008 сертификаттау және стандарттау саласындағы әлемдік TQCSI көшбасшы сертификатына ие. Адам зәріндегі есірткі мен дәрілік заттарды иммунохроматографиялық талдауға арналған құрылғының өнертабысы бойынша патент иегері.

Компания инвестиция үшін «RBK Bank» АҚ арқылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында несие алды. Бағдарлама аясында жылдық 15 пайыздың 9 пайызы субсидияланады.

Осы қолдаудың арқасында «КАЗ-ДИА-ТЕСТ» ЖШС өндірісін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашты.

Инстаграм: @narco_test

Мекен жайы: Алматы қаласы, Алғабас ы/а, 7 үй, 142/69.

Байланыс телефоны : +7 771 713 10 82