info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Дәмді торттар мекені

Жаңалықтар
15.05.2023

Букина Лаура Маратқызы бақытты жар және сүйкімді екі баланың анасы. 2014 жылдан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркелген ол бизнесті балалар киімін сатудан бастады. 2019 жылдың соңында Лаура мен жұбайы «HappyCakefranchise» франшизасына қызыға бастады. «HappyCake» компаниясы кондитерлік өнімдерді, атап айтқанда 2013 жылдан бастап торт жасап, сатумен айналысады. Қазіргі таңда компания Қазақстанның 26 қаласында филиал ашқан. Семей қаласында франшиза 2020 жылы іске қосылуы тиіс болатын, бірақ 2020 жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты идеяны жүзеге асыру 2021 жылға ауыстырылды. Осылайша 2021 жылдың мамыр айында Букина Лаура Маратқызы ресми түрде «HappyCakefranchise» франшизасының Семей қаласындағы өкілі атанды.

Семей қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 42 үй мекенжайындағы кондитерлік өнімдер дайындап, сататын бірінші сауда орнын кәсіпкер өз қаражатымен ашты. Жобаны іске қосу барысында кондитерлік курста оқып алды. Қазір басшы ретінде компанияны басқарумен қатар, цехтағы кондитерлерге де көмектеседі, ал жұбайы тауарды өз көлігімен жеткізіп береді. Қысқа мерзім ішінде компания кірісі мен айналымын арттыра отырып, клиенттер мен бедел жинап алды. Өнімге сұраныс артуына байланысты және тұтынушыға тауарды жылдам жеткізіп беру үшін кәсіпкер Семей қаласының сол жағалауынан тағы қосымша цех ашуға бел буды.

Бұл ойын жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкі» арқылы  21,75%-бен қарыз алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында Лаура қарызын жылына 8%-бен төлейді, айырмасын Қор субсидиялайды. Сондай-ақ, Қор несие сомасының 60%-ына кепілдік те берді.

Байланыс телефоны: + 7 705 316 27 33

Абай облысы, Семей қ., Қабанбай Батыр көш. 42

Абай облысы, Семей қ, 2 мкр, 1А

Инстаграм: @happycake_semey