info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Мемлекеттік қолдаудың арқасында Павлодарда ветеринарлық кешен ашылды

Жаңалықтар
16.05.2023

Жұрттың көбі үй жануарларын жақсы көреді, үйде ұстайды. Ал кей адам үшін жалғыз адал досы. Әрине, иесі үшін олардың денсаулығы маңызды. Сол себепті біздің дәуірімізге дейін пайда болған ветеринарлық қызметтер бүгінгі күнге дейін өзекті және сұранысқа ие болып келеді.

«Жануарлардың денсаулығы адам денсаулығынан еш кем емес», - дейді Павлодар облысында танымал дәрігер, «Ремонт животных» ЖШС компаниясының директоры Бахарева Анна Михайловна. Ол сегіз жылдан бері төрт аяқтыларды емдеп келеді. Осы уақыт ішінде ол жанына ветеринарлық қызметтердің барлық түрін көрсете алатын жоғары білікті мамандар тобын жинады.

2023 жылдың сәуірінде Анна Михайловна «VetMed» ветеринариялық орталығы үшін ғимарат сатып алды. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы бойынша субсидия есебінен несиенің пайыздық мөлшерлемесі жылына 8%-ға дейін арзандатылды. Сондай-ақ, несие сомасының 29%-ына Қор кепілдік берді.

Бүгінгі күні біздің өңірдегі «VetMed» клиникасында сертификатталған рентген, ультрадыбыс кабинеті бар. Операция палатасы, оттегі камерасы, стационар, инфекциялық бокс, жануарлар шаштаразы мен қонақ үй де бар.

Ветеринариялық орталық: Павлодар қаласы, Бұқар жырау көшесі, 8/3

Ветеринариялық дәріхана: Павлодар облысы, Ақсу қаласы, М. Мәметова көшесі, 12

Телефон: +7 701 992 72 72; +7 705 422 86 78

Instagram: @vet_medpavlodar; @dobrovet_aksu