info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Гастро Help» медициналық орталығында асқазан-ішек жолдары ауруын емдейді

Жаңалықтар
17.05.2023

Серғалиева Айна Әбдірахманқызы – жоғары санатты гастроэнтеролог ретінде 26 жылдық тәжірибесі бар дәрігер. 2012 жылы жеке кабинет ашып, облыстық аурухананың емханасында қатар жұмыс істеді. Жеке кабинетте жұмыс істеу барысында өзін іздеп келетін пациенттер қатарын көбейте алды. Оларды жұмыс барысында қаланың әр ауданына диагностика процедуралары үшін жіберуге мәжбүр болатын. Бұл, әрине, оларға аса ыңғайлы емес.

Айна Әбдірахманқызы осы себепті 2021 жылы «Гастро Help» медициналық орталығын ашты. Бүгінгі күні бұл орталықта асқазан-ішек жолдарының проблемаларын диагностикалау үшін барлық жағдай жасалған. Зертхана, емдеу бөлмесі, физиокабинет, ФГДС, ультрадыбыстық зерттеу, Хеликобактер пилори тыныс алу сынағы бар. Өт қабының патологиясын диагностикалау үшін дуоденальды зондпен де тексеру мүмкіндігі бар.

2022 жылы медициналық қызмет көрсету аясын кеңейту үшін соңғы үлгідегі инновациялық ультрадыбыс аппаратын «Банк Центркредит» АҚ арқылы несие ресімдеп, сатып алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасына қатысудың арқасында қазір қарызын 6%-бен төлейді. Қор қарыз сомасының 85%-ына кепілдік берді.

«Гастро Help» Медициналық орталығында кәсіби мамандар жиналған. Әр клиника дәрігерінің кем дегенде 10 жыл жұмыс тәжірибесі бар. Олар асқазан, ішек, бауыр және өт қабының ауруларын емдеп, диагностика жасайды.

БҚО, Орал қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 177

Тел. +7 708 435 03 39

Instagram: @gastroenterolog_uralsk