info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Таразда қағаз өнімдерін өндіру жобасы қолдау тапты

Жаңалықтар
17.05.2023

Қазақстандық өндірушілердің табыс тарихы бір-біріне ұқсас келеді. Олардың көпшілігінің бизнес әліппесі әдетте саудадан басталады. Тараздық Нұрсейітова Нағима Аманхожақызы да 2005 жылы мамыр айында жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Бизнестегі алғашқы қадамы көтерме сауда саласында болды. Кейіннен дәнекерлеу ісі, жүк тасымалдау ісінде де бақ сынады.

2021 жылы кәсіпкер жиған қаражатына қағаз майлықтар шығаратын жабдық сатып алды. Сөйтіп, біртіндеп өндіріс әлемінің есігін ашты. Ал 2022 жылы дәретхана қағазын шығаратын жабдық сатып алуға шешім қабылдады.

Бұл кезде кәсіпкерге қомақты қаражат қажет еді. «Даму» Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына барып, егжей-тегжейлі ақпарат алған соң, Қор менеджерінің жетелеуімен «Казақстан Халық Банкінен» жабдық сатып алу және айналым қаражатын толықтыру үшін несие ресімдеді. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасына қатысудың арқасында мөлшерлеме жылына 6%-ды құрады. Айырмасын Қор субсидиялайды. Сондай-ақ, «Даму» Қоры ішінара кепілдік те берді.

Уақыт өткен сайын кәсіпкер өнім сапасын сақтап, арттыруға тырысып келеді. Қазір цехта 10 адам жұмыс істейді. Бір ауысымда 100 блокқа дейін майлық шығады.

Тараз қаласы, Жауғаш батыр көшесі, 77

+7 777 931 88 38

Instagram: @ak_ayu_kz