info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

ИП Sabi swim massage kz – балаларға арналған массаж орталығы

Жаңалықтар
19.05.2023

«Sabi swim massage» KZ ЖК 2018 жылы құрылған. Бүгінгі күні Қазақстан бойынша массаж орталықтарының ең ірі желісі саналады.

Балаларға арналған массаж – әртүрлі аурулардың алдын-алу ғана емес, сонымен қатар баланы емдеу әдісі, оның дамуына көмектесу. Массаж кез келген адамға, әсіресе баланы сауықтыруда таптырмас техника. Перистальтика, ас қорыту жүйесіне және жүйке жүйесіне пайдалы. Педиатрлар кішкентай балаларға жалпы массаж жасап тұруды ұсынады. Бұл – баланың бұлшықет және сүйек тіндерінің дамуына көмектеседі. Құрамында емдік, күшейтетін, дамытатын әдістер мен гимнастика элементтері бар.

«Банк ЦентрКредиттен» айналым қаражатын толықтыруға қаржы алған компания «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша субсидия құралын пайдаланып, қарыз мөлшерлемесін 8%-ға дейін түсіріп алды.

Орталық бағдарламалары сәбилердің жасына қарай әр түрі топтарға бөлінеді. Мысалы: 0-3 ай арасы «Сәби», 3-9 айда «Балапан», 9 айдан 2 жасқа дейін «Тәй-тәй», 2-ден 4 жасқа дейін «Болашақ» бағдарламасы деп аталады. Оның әрқайсысы жеке таңдалған жаттығу және баланы әрі қарай дамыту жоспарынан тұрады.

Sabi swim massage KZ ЖК республика бойынша Талдықорған, Шымкент, Астана, Алматы қаласында 4 орталығы бар. Орталықтың әр маманының медициналық білімі бар және жыл сайын біліктілік арттырып отырады. Инстаграмм: @sabi.swim.massage.tdk

+7 778 058 88 86

Жетісу облысы, Талдықорған қ., Назарбаев көш. 153/155