info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«AKE PLAST»: біздің қаптама – сіздің табысыңыз

Жаңалықтар
05.05.2023

Астана қаласында орналасқан кәсіпорын 2018 жылдан бері пластмассадан ыстық, суық тамақ салатын ыдыстар шығарып келеді. 5 жыл бойы табысты жұмыс істеді. Тұтынушының талаптарына сай келетін стандартты және премиум қаптаманың әр түрін шығара отырып, тамақ және азық-түлікке жатпайтын өнеркәсіп нарығына қызмет етеді. «AKE PLAST» ұсынатын қаптама – сапа мен гигиенаның жоғары деңгейі және эксклюзив тапсырыс бойынша да өнім шығару. Стандартты өнімдер қатарынан 10 мл-ден 35 литрге дейінгі дөңгелек, тікбұрышты, шаршы және сопақ пластик қаптамалар кіреді.

Өнімнің негізгі тұтынушысы тамақ өнеркәсібі. «AKE PLAST» ЖШС өнімдерінің сапасына мұқият қарап, таңбалауына басуға баса назар аударады. Себебі ыстық, суық, алкогольдік өнімдерге, сондай-ақ тағамды тоңазытқышта және мұздатқышта сақтау үшін әртүрлі пластик контейнерлер қажет. Ол белгілі таңбамен беріледі. Әр әдам пластиктегі таңбалау жүйесін білуі керек, өйткені қазір ас үй ыдыстарының барлығы дерлік сол материалдан жасалады. Бірақ кез-келген контейнерде тамақ сақтауға болмайды. Ол үшін денсаулыққа зиян келтірмейтін, тағам салуға арналған пластик қолданылады. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтау үшін қандай контейнерлер қыста жемістерді мұздатуға арналған, ал қайсысы тек өнеркәсіптік мақсаттарға арналған екенін білгеніңіз жөн. Пластмассаны таңбалау үшін пластмассаны қайта өңдеудің халықаралық әмбебап кодтары бар. Тамақ пен сусындарды сақтау үшін пайдаланылатын пластикалық бұйымдарға таңбалау үшін үш көрсеткіден жасалған үшбұрыш қойылады. Белгінің ортасында 1 ден 7-ге дейінгі сан, төменгі жағында пластиктің әріптік коды бар.

Компания жабдық сатып алу қажет болғанда «Қазақстан Халық Банкінен» өңдеу өнеркәсібі саласындағы «Даму-Өндіріс» ШОБ қолдау бағдарламасы аясында жеңіл несие алды. Соның арқасында сақтау және пайдалану үшін барлық қажетті стандарттарға жауап беретін өнім шығаруға мүмкіндік молайды.

Кәсіпорын әрқашан объективтілік, адалдық, серіктестік және сыйластық принциптерін басшылыққа алады.

Астана қ., Байқоңыр ауданы, С 300 көшесі, ғимарат. 11.

Байланыс: +7(727) 386 14 40

Сайт: https://stroylux.kz/