info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Табысқа апарар техникалық орталық

Жаңалықтар
22.05.2023

«Самар кәсіби-техникалық оқу орталығы» ЖШС – білім беру бағдарламалары негізінде мамандар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырумен айналысатын қысқа мерзімді курстар орталығы. Жалғыз құрылтайшы, басшысы – Әлібаев Рашид Садықұлы. Өз бизнесін ашқанға дейін Рашид Садықұлы мемлекеттік автомобиль инспекциясында 25 жыл жұмыс істеп, сержанттан майорға дейін шен алды. Зейнеткер атанған соң ол өзі білетін салада кәсіп ашуға бел буған. Көлік саласында тәжірибесі мол болғандықтан, 2017 жылдың қазан айында Техникалық оқу орталығын ашты.

Кәсіпкер арнайы техника сатып алу үшін «Еуразиялық банк» арқылы 60 айға 14 пайызбен несие алды. «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында Қор оның 8%-ын субсидиялайды. Нәтижесінде кәсіпкер қарызын тек алты пайызбен төлейді.

Бүгінгі таңда «Самар П-ТУЦ» ЖШС мамандарды кәсіби даярлау және біліктілігін арттыру бойынша Көкпекті ауданындағы жалғыз оқыту орталығы. Ауданда өндіріс және ауыл шаруашылығы қызметі дамыған, 760 бірдей шаруа қожалығы тіркелген.

2018 жылы орталықта 92 адам оқыса, оның 71-і жұмысқа тұрды. Бұл – 78%-ды құрайды. Мұнда негізінен электрмен дәнекерлеуші, ветеринариялық өңдеуші, манипулятор авто тиегіш машинисі, D,Е санатындағы жүргізушілер, көлікті жөндеу шебері сияқты мамандықтар бойынша білім береді. Кәсіпорындар көбінесе қызметкерлерді оқу орталығына жібереді.

+7 777 155 13 32

ШҚО, Көкпекті ауданы, Самар а., Астана көшесі, 104.