info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Атырауда отандық өндіріс дамып келеді

Жаңалықтар
31.05.2023

Құрылыстағы құрғақ қоспалар үй-жай салып, жөндеуді жоспарлаған кез келген адамға керек. Нарықта шетелдік материалдармен қатар мұндай отандық өнімдердің көп түрі бар. Заманауи кәсіби жабдықтары бар отандық кәсiпорындарда шығатын құрғақ қоспалар импортталған аналогтарынан еш кем түспейдi.    

Осы салада бизнес ашқан жергілікті өндірушілердің бірі – «Elif West» ЖШС. 2019 жылы құрылған кәсіпорын жеке азаматтар мен өнеркәсіптік мақсатта кеңінен қолданылатын құрғақ құрылыс қоспаларын, ерітінділерді өндіреді. Зауыттың жылына 16380 тонна қоспа, ерітінділер шығаратын мүмкіндігі бар. «Elif West» компаниясының Premix, Bauma, Usta сияқты брендті өнімдері құрылыста да, өнеркәсіпте де кеңінен танымал. Бренд иесі – «PremixPro» ЖШС. Қазақстандық компания өндіру мен сатудың айрықша құқын франчайзингтік келісім негізінде жүзеге асырады.

«Elif West» ЖШС жабдық сатып алу жобасын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында қолдап, жылына 19,5 пайызбен несие мақұлдады. Мұның 6 пайызын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Компания несие сомасының 63 пайызына «Даму» қорының кепілдігін де пайдаланды.

Атырау қаласы, «Береке» ө/а, 28-ғимарат.

+7 702 304 77 39

Инстаграм: @