info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«БУЛОЧКА» тәттілері

Жаңалықтар
19.05.2023

Қызылордалық кәсіпкер Дарья Ли бала кезінен-ақ тәтті тоқаштар пісіріп, туған-туыстарын қуантуды ұнататын. Уақыт өте келе бұл махаббат Дарьяны Санкт-Петербор қаласындағы аспаздық және кондитерлік өнер академиясына түсуге итермеледі. Онда 2013 жылдан 2016 жылға дейін оқыды. Оқуды бітіргеннен кейін Қызылорда қаласындағы «LOFT» мейрамханасына кондитер-аспаз болып жұмысқа орналасты. 2018 жылы ғимаратты жалға алып, өз цехын ашты, онда ұннан жасалған сапалы кондитерлік өнімдерінің алуан түрін пісіріп, тұтынушылар қатарын көбейтті. Осылайша, 2021 жылы кәсіпкер өз кәсібін «Булочка» ЖШС атауымен тіркеуге шешім қабылдады және 2022 жылдың мамыр айында ол өз қаражатына цех ашу үшін ғимарат сатып алды.

Компания субсидия және кепілдік құралын қолдана отырып, «Қазақстан Халық Банкі» арқылы несие алды. «Ұлттық жоба» аясында «Даму» Қоры қолдап, мөлшерлемені 5%-ға түсіріп берді. Несие қаражаты нан-тоқаш өнімдерінің өнімділігін арттыру үшін ғимаратты жөндеуге және жабдық сатып алуға жұмсалды.

Бүгінгі күні мекемеде 39 адам жұмыс істейді. Оның ішінде өндірістегі персонал – 36 адам (технолог, наубайшы, кондитер, экспедитор, техник, жүргізуші).

Кондитерлік цех үлкен тапсырыстар қабылдауда, тапсырыс берушілер арасында Қызылорда өңірінде танымал: «Salam Bro», «Veranda Street», «Царб Бургер», «Радуга», «Қызылорда» супермаркеттер желісі және т. б. бар.

Қызылорда, Бегім ана, 16 В.

Телефон: +7 (701) 017 71 11

Инстаграмм: @too_bulochka_