info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Медициналық жиһаз және жабдық өндіру

Жаңалықтар
26.05.2023

«Терра Вита» ЖШС компанияның негізін қалаушы Исабаева Насихат Қабдығалиқызы 1999 жылдан бері бизнесте нәпақа тауып жүр. Оған дейін орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Тоқсаныншы жылдары ауыр кез еді. Сол кезде дипломын сандыққа салып, фармакологиялық училище бітіріп, дәрі-дәрмек саудасымен айналысуға бел буды. Ал медициналық құрал-жабдықтар мен жиһаздар өндірісін ашу идеясы Семейде осындай кәсіпорын өнімдеріне деген сұраныс пен ұсыныс арасынжағы алшақтықты көрген кезде туды.

Бүгінгі күні «Терра Вита» ЖШС – медициналық жабдықтар мен медициналық жиһаз шығарумен айналысатын, қарқынды дамып келе жатқан компания. Қазір өнім түрі 200-ден астам атауға жетті. 2010 жылдан бастап «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысып келеді және талай рет жүлде алған. Жоғары технологиялық жабдықтар, өндірістік желілерді техникалық жабдықтау, даярлықтан оның ішінде басқа елдерде өткен білікті мамандар тобы бар. Компанияның қарқынды дамуына ИСО сериясының халықаралық стандарттарын енгізу, тауардың шығу тегі туралы сертификат алу (отандық өндіруші мәртебесі расталды), облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Денсаулық сақтау министрлігі өткізетін мемлекеттік сатып алуға қатысу да ықпал етеді.

Құрал-жабдықтарды сатып алу үшін компания 2022 жылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға жүгініп, 14,95% -бен қарыз алды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында кәсіпкер қарызын 6%-бен төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Байлыныс телефоны: + 7 (7222) 53 38 48

Абай облысы, Семей қ., Шугаев көш. 153 А

Эл.пошта : too-terravita@mail.ru