info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Павлодарда жүк тасымалы бойынша қызмет көрсету жобасы қолдау алды

Жаңалықтар
29.05.2023

Сауда мен өнеркәсіптің даму – түрлі жүктерді алыс-жақын жерлерге тасымалдау қажеттін туындатады. Жеке фирмалардың немесе компаниялардың өнімдерін кез-келген қашықтыққа, тіпті басқа континентке де жеткізу керек болады, ең бастысы тұтынушы болса болғаны.

«BAZHA & Cо» ЖШС 2018 жылы ашылды, жүк тасымалымен айналысады. Компания басшысы Бектас Жанахметовтің мамандығы – заңгер. Нарықты талдап, зерттеп, бизнеспен, атап айтқанда жүк тасымалымен айналысуға шешім қабылдап, бизнес ашқан.

Қазақстан-Ресей арасында көмір, қиыршық тас, астық тасымалдайды.

Өз идеясын жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға жүгінді. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие мөлшерлемесі 21,75%-ды құрады. Оның сегіз пайызын кәсіпкер төлейді, айырмасын мемлекет субсидиялайды. «Даму» Қоры кепілдік берді.

«Көлік-экспедиторлық компаниялардың дәстүрлі нарығы зор, әрі қарқынды дамып келеді. Мүмкіндіктері де мол. Ондағы бәсекелестік те оңай емес. Осы сегментте тұрақтап қалу үшін отандық операторларға ресурстарын елеулі түрде шоғырландыру қажет. Ең бастысы – компанияның қай бизнеспен айналысатыны немесе құрылымы қандай болғаны емес, көрсетілетін қызметтердің сапасы жоғары болуы керек», - дейді Бектас Жанахметов.

Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы

Байланыс телефоны: +7 (702) 789-90-22