info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Отандық зауыттың ашылуы – еліміздің дамуына дұрыс қадам

Жаңалықтар
31.05.2023

«ALAMN» (ала́мн) бренді – Қазақстандағы құрылыс құралдарының алғашқы өндірушісі. Бояп-сылайтын білікшелер шығаруды қолға алғанына көп уақыт өте қоймаса да көпшіліктің көңілінен шықты, сұраныс мол.

Цехта жаңа, жоғары технологиялық және автоматтандырылған жабдықтар орнатылған, бұл – жұмыстың жеделдігіне ықпал етеді. Білікшелер жасау кезінде ең жақсы материалдар және жоғары сапаны сақтауға мүмкіндік беретін бастапқы шикізат қолданылады. Әрбір өндіріс процесі бақыланады, осылайша өндіріс шығындары төмендейді, бұл өз кезегінде өнімнің бағасына әсер етеді. Күнделікті шамамен 10 000 дана өнім шығады. Жыл соңына қарай шығарылатын өнім көлемін ұлғайту және ассортиментін 2,5 есеге кеңейту жоспарлануда.

«Positive life» ЖК жобасын 2022 жылғы маусым айының басында «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидия мен кепілдік беріп қолдады. Қаржыны «Bank RBK» АҚ бөлді.

Сондай-ақ, «Positive life» компаниясы жаңа өндірістік цехтардағы шығатын өнімдерді жоғары стандарттарға сай етіп, басқа да құрылыс құралдарын шығаруды жоспарлап отырғанын айтады.

Кеңсенің мекенжайы: Алматы қаласы, Мамыр-4 ықшам ауданы, 197А (4 қабат, 407 каб.)

Цех: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көкөзек ауылы, Қарасу орамы, 46/3

Телефон: +7 708 800 03 73

Instagram: @alamn.kz