info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Строительство и ремонт - наше искусство…

Жаңалықтар
07.06.2023

Екі дос Қайрат Мұсайбеков пен Алексей Дроздецкий 2005 жылы елден тапсырыс алып, жөндеу жұмыстарын жасаумен айналысуды бастаған болатын. Алға мақсат қойып, табандылықпен оған қол жеткізудің арқасында қазір кәсіпкер ретінде осы бизнесті дамытып отыр, Бүгінгі күні Петропавл қаласында екеуі негізін қалаған «MD Group Construction» ЖШС компаниясы табысты жұмыс істеп тұр.

Компанияға кез келген жобаны әсем, көз тартар ерекше және заманауи етіп жүзеге асыратын қызметкерлер жиналған.

MD Group Construction ұсынатын қызмет түрлері:

·      үй, монша, гараждар салу;

·      ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары;

·      дизайн (дизайн жобаларын әзірлеу, кеңсе, пәтерлердің дизайны және т. б.);

·      ПВХ терезелер мен есіктер;

·      электр монтажы;

·      керме төбелер (төбелерді жасау және керіп орнату).

Айналым қаражатын толықтыру қажет болғанда кәсіпкерлер «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында ол қарызын жылына 8%-бен өтейді. Ал айырмасын Қор субсидиялайды. Сондай-ақ, «Даму» Қорының 85% кепілдігі де берілді.

Бай тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында «MD Group Construction» разы болған клиенттері көбейіп келеді. Бүгінгі таңда компания 1000-нан астам жобаны жөндеді, 100-ге жуық дизайн жобаларын орындады, 27 коттедж салынып, тапсырылды.

Петропавл қ., Н.Назарбаев, 290/1

+7 705 756 00 77

Instagram: @md.group.construction

Ресми сайт: www.mdgroupconstruction.kz