info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«ТК Фарм Ақтөбе» фармацевтикалық компаниясы – отандық дәрі-дәрмек өндіруші

Жаңалықтар
23.05.2023

«ТК Фарм Актобе» ЖШС – Ақтөбе облысындағы ғана емес, бүкіл Қазақстандағы ең ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі. Кәсіпорын тұнба түрлері, мия тамыры, тимьян және термопсис шөптерінің сығындылары негізіндегі шырын түріндегі емдік препараттарды шығарады.

Ақтөбе қаласындағы фармацевтика зауыты 2012 жылы салынған. Компанияда мия тамырының сығындысы, тимьян шөпі және термопсис шөпі негізінде жөтелге қарсы сироптар өндіру цехы 2014 жылы іске қосылды. Сонымен қатар, 2016 жылы компания қатты дәрі-дәрмек түрлерін де шығара бастады, ал 2018 жылы бетперде шығаратын цех ашылды.

Зауыт сұйық және қатты дәрілік қалыптарды шығаратын цех, өсімдік материалдарын алу цехы, сапаны бақылау бөлімі, микробиологиялық және физика-химиялық зертхананы қамтитын сынақ зертханасы, дәрілік заттардың қоймасы, шикізат пен дайын өнімдер бөлімінен тұрады.

Бизнесті кеңейту үшін, дәлірек айтсақ, айналым қаражатын толықтыру мақсатында «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС «Даму» қорының Ақтөбе филиалына жүгінді. Жоба «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында қолдау тапты. Атап айтқанда «ForteBank» арқылы 21,75 пайызбен алынған кесиені қазір тек 5 пайызбен ғана өтеп жатыр. Айырмасын бағдарлама аясында «Даму» қоры субсидиялайды. Сондай-ақ жобаны сәтті жүзеге асыру үшін Қор несие сомасының 36%-ына кепілдік те берді.

Бүгінгі күні «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС сынақ зертханасы 2018 жылдан бастап «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-мен МемСТ ИСО/МЭК 17025 сәйкестігіне аккредиттелген. Өндірілетін дәрілік заттардың әрбір сериясы бекітілген көрсеткіштерге толық сәйкестігі үшін сынақ зертханасында сыналады.

Сапаға деген жоғары міндеттеменің арқасында «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС фармацевтикалық зауыты «Сапа көшбасшысы», «Алтын сапа», «Ең тиімді өндіруші», «Қазақстанның үздік тауары» марапатына ие болды.

Сондай-ақ «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС жыл сайын «Даму» Қорының ұйымдастыруымен өтетін отандық тауар өндірушілер көрмесіне де тұрақты қатысып келеді.

Ақтөбе қаласы, Шестихатка c., т.а. Шестихатка, № 467 ғим.

+7 (7132) 21 72 15, +7 (771) 583 70 81

Почта: dir-tkpharm@mail.ru

Сайт: https://tkpharm.kz/

Инстагармм: @tkpharm