info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

АВИКС ГРУП – майлау материалдарын өндіруші

Жаңалықтар
07.06.2023

«АВИКС ГРУП» ЖШС – жағармай материалдарын өндіруші қазақстандық компания. Кәсіпорын елдегі өнеркәсіп орындары мен жақын және алыс шет елдер үшін жағармай материалдарын әзірлеу, өндіру, сақтау және жеткізумен айналысады. Арнайы және жалпы мақсаттағы майлауыштардың барлық түрін, Литол-24, Солидол, Циатим және графитті майлауыш сияқты өнеркәсіптік, моторлы және трансмиссиялық майлар шығарады.

2012 жылы кәсіпорын литий майларын өндірудің алғашқы желісін іске қосты. 2014 жылы кальций және сода майларын өндіретін қондырғы орнатылып, іске қосылды. 2015 жылы редукторлық және көмірсутекті майлардың трансмиссия майлары желісі іске қосылды.

2017 жылы «Авикс Групп» ЖШС өндіріске ғимарат сатып алу үшін ForteBank-тен несие алды. Несие «БЖК 2020» бағдарламасы аясында субсидияланды. 2018 жылдың қараша айында кәсіпорын айналым қаражатын толықтыруға «Қазақстан Халық Банкінен» тағы да несие алып, «Даму» Қоры «БЖК 2020» (2-бағыт) аясында кепілдік бере отырып, жобаны қолдады.

2012 жылы құрылған сәттен бастап «АВИКС ГРУП» өнімдерінің тұтынушылары арасында: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия, «Қазфосфат» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС және басқа да Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен сауда ұйымдары бар.

Сұраныс артуына қарай компанияға айналым қаражатын толықтыру қажет болды. 2022 жылы «АВИКС ГРУП» ЖШС қаржыландыру үшін Forte Bank-ке жүгінді. Банк жылына 19,5%-бен несие берді. «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялайды. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында кәсіпорын несиені тек 6%-бен төлейді, ал 13,5% айырманы «Даму» Қоры субсидиялайды.

Бүгінгі таңда «АВИКС ГРУП» ЖШС – өнеркәсіптің әртүрлі салаларында қолданылатын жоғары сапалы майлау материалдарын әзірлеу және өндіру процесін жүзеге асыру үшін қажетті қуаттары мен технологиялары бар заманауи ғылыми-өндірістік кешен. Кәсіпорын өнімдері сапа нормалары мен стандарттарына сәйкес келеді. 

Ақмола облысы, Көкшетау қ., Северная ө/а, 3, 5а ғимарат,

+7 (7162) 411005, aviks_group_kz@mail.ru

www.aviksgroup.kz