info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Ақаусыз жұмыс – кәсіпорын стандарты

Жаңалықтар
08.06.2023

«Семей құрылыс материалдары» ЖШС 1961 жылы іске қосылған «Семей асбест-цемент бұйымдары зауытының» негізінде құрылды. Осы 60 жылдан астам уақыт бойы оның өнімдеріне сұраныс төмендеген емес. «Семей құрылыс материалдары» ЖШС қазір Қазақстанның құрылыс материалдары өндірісі саласында жұмыс істеп тұрған алдыңғы қатарлы салалық ұйымдардың бірі. Кәсіпорын негізінен хризотилцемент бұйымдар, автоклавты газбетон және асбест картонын (асбокартон) шығару.

«Семей құрылыс материалдары» ЖШС Қазақстандағы жалғыз асбокартон өндірушісі. Асбокартон оттан қорғайтын жылу жібермейтін материал ретінде кеңінен қолданылады.

Автоклав газбетоны – жаңа үйлер тұрғызу және құрылыстарды қайта жаңартуға қажет материал.

Хризотилцементті шифер – ұзаққа шыдас беретін, оңай монтаждалатын арзан материал.

Кәсіпорын ел ішіне ғана емес Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Украинаға да өнім экспорттайды.

Негізгі құралдар сатып алу үшін компания 2022 жылы «Қазақстан Халық Банкінен 18,25%-бен қарыз алды. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында кәсіпкер қарызын жылына 6%-бен төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Болашақта мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалана отырып жаңа бағытты іске қосу жоспарланған. Ол – престелген жалпақ хризотилцемент парағын (аспалы қасбет парақтарын) өндіру ісі. Бұл да жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

+7 (7222) 31 53 40

Абай облысы, Семей қ., Западный промузел көш. 15

Инстаграм: @shifer_semey