info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Discovery Borovoe – барлығы қамтылған

Жаңалықтар
21.07.2023

Discovery Borovoe демалыс аймағы Ақмола облысының тұрғындарына ғана емес, одан тыс жерлерге де кеңінен танымал. Мұнда сіз бүкіл отбасыңызбен 3-4 күнге келіп, тамаша демалыс күндерін өткізе аласыз. Discovery Borovoe Катаркөл көлінің жағасындағы қарағайлы орман ішінде, Бурабай курорты аймағында орналасқан.

Discovery Borovoe аумағын «Орленок.к» ЖШС компаниясы 2011 жылы ашты. Компания осы жылдар ішінде көрсетілетін қызметтер қатарын көбейтті, жаңа ғимараттар мен демалыс нысандарын салды.

2020 жылы компания «Халық Банктен» аквапарк жабдықтарын жөндеуге және сатып алуға несие алды. «Даму» Қоры «БЖК 2020» бағдарламасы аясында субсидиялады. 2021 жылы да компания Jusan Bankінен хоккей корты, мейрамхана және бассейні бар жазғы террассалар орналасқан жағалау аймағын абаттандыру үшін несие алды. Бұл жобаны да «БЖК 2025» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидиялады. Қазір компания несиені жылына 6%-бен төлейді, айырмасын мемлекет субсидиялайды.

Қазіргі уақытта Discovery Borovoe аумағында емдік балшықтар, медициналық блок, СПА жұмыс істейді, жабық аквапарк, орыс моншасы, шунгит-шөп моншасы, тұз моншасы, хаммам, Шарко душы бар. Бағаға күніне үш рет тамақтану, жылдам интернет коворкингі, арқан паркі және троллейбус трассасы, беседкалары бар барбекю аймақтары кіреді. Балаларға арналған 1200 шаршы метрлік үлкен балалар ойын алаңы, көше ойын алаңы, Sony PlayStation 4 және күн сайын ойын-сауық пен тәттілер таратылатын жабық шатыр бар. Көл жағасында жылытылған ашық бассейн бар. Қыста хоккей корты жұмыс істейді, шаңғы мен коньки жалға беріледі.

Бурабай курорты, Қатаркөл көлінің солтүстік жағалауы.

Инстаграм: @discovery_borovoe

Сайт https://discovery-borovoe.com/