info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Light engineering» ЖШС – бізбен бірге өз мүмкіндіктеріңізді жарыққа шығарыңыз

Жаңалықтар
25.09.2023

Қарағандыдағы «Light Engineering» ЖШС – жарықтандыру саласында жұмыс істейтін компания. Серіктестік жарық техникалық жабдықтар мен инженерлік технологияларды жобалайды, өндіреді және іске қосады. Олар жарықтандыру құрылғыларын, көше шамдарын, прожектор матчтарын, жарықдиод шамдарды және жасанды жарықтандыруға қатысты басқа да энергия үнемдейтін өнімдер шығарады. Бұл – қуат көзін үнемдеу бағытындағы жаһандық үрдіске сай шешім. «Light Engineering» ЖШС осы саладағы жаңа технологияларды белсенді зерттеп, өндіріске енгізіп отырады. 

Компания кәсіпті кеңейту керек болғанда «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында компания «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы несие алып, пайыздық мөлшерлемесін 8%-ға дейін төмендетті. Ал кепілзат жеткіліксіз болған кезде «Даму» Қоры кепілдік берді.

 «Light Engineering» командасында клиенттерге жарық техникасы саласында жоғары сапалы, тиімді және инновациялық шешімдер ұсынуға ұмтылатын мамандар жұмыс істейді. 

Қарағанды қаласы, Волгодонская көшесі, 62-үй,

Байланыс телефондары+7 705 777 12 21, +7 705 112 49 51

Электрондық пошта svet.krg@mail.ru

сайт https://megallp.kz/

Instagram https://www.instagram.com/svet.krg/