«Полиус» бірлескен Қазақ-Ресей кәсіпорны ЖШС 1997 жылы ақпанда құрылып, икемді қаптамалар мен полиэтилен құбырларын өндірумен айналысып келеді.
Компания шығаратын өнімдер:
- Пленка өндірісі (орама пленка, жылу ұстау, гидрооқшаулау, сүт өнімдерін орауға арналған);
- Полимер материалдардан жасалған пакеттер (ілмек тұтқасы бар пакет, «майка» түріндегі пакеттер, қоқыс дорбалары);
- Полиэтилен құбырлар (су құбырлары, электр өткізгіш құбырлар, кабель төсеуге арналған құбырлар) болып бөлінеді.
«Полиус» ЖШС-де құрамы әртүрлі пленкаларды дайындаудан бастап баспа бейнесін қолдануға дейінгі қуатты жабдықтар кешені бар. Қызметін кеңейту үшін компания пластик құюға арналған жаңа жабдықты, сондай-ақ полиэтилен құбыр өндіруге арналған жабдықты (өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында) сатып алуға шешім қабылдады.
Компания ол үшін «Еуразиялық банктен» инвестиция мақсатында 60 айға 21,75% пайыздық несие алды. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие сыйақы мөлшерлемесінің 13,75%-ы субсидияланды. Кәсіпкер қарызын 8%-бен ғана төлейді.
«Полиус ЖШС негізгі сатып алушылары - Қазақстанның ірі өндірістік кәсіпорындары, сауда және жеке компаниялар, жеке тұлғалар.
+7 771 302 77 61
ШҚО, Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 106 үй.