info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Әлемді жарқын көруге көмектесеміз

Жаңалықтар
26.10.2023

Петропавлда «Даму» Қорының қолдауымен офтальмологиялық тексеру және көз микрохирургиясының барлық түрлерін көрсететін, көзді лазермен түзететін жалғыз кабинет жұмысын бастады. Кабинетке ең жаңа жабдық сатып аларда Қор қаржыландырды. Енді қала мен облыс тұрғындары әртүрлі күрделі операция үшін осында келе алады. Оның ішінде факичті линза Франция мен АҚШ-тың заманауи жабдықтарында салынады. Енді офтальмологиялық операциялар мен тексерулер жүргізу үшін басқа қала немесе шет елдерге барудың қажеті жоқ.

«Айна-Көз» көз орталығының тарихы 1999 жылдан басталады, ол кезде жалға алынған кабинетте қызмет көрсетілетін. Ширек ғасырға жуық уақыттан кейін медициналық кабинет балалар мен ересектерге барлық қызмет түрін ұсынатын заманауи офтальмологиялық клиникаға айналды. «Айна-Көз» көз орталығы медициналық қызметтің 100-ден астам түрін, соның ішінде офтальмологиялық стационарлық көмек және пациенттерге стационарды алмастыратын көмек ұсынады.

«Айна-Көз» көз орталығы көз ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін меңгерген, озық жабдықтар, жоғары білікті дәрігерлер бар. Ауруды ерте анықтауға және дер кезінде жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндігі мол.

2023 жылы орталық басшылығы көзді лазермен түзету кабинетін ашып, Франция мен АҚШ-тан заманауи жабдықтар сатып алу туралы шешім қабылдады. Бұл – күрделі хирургиялық операциялар жасауға мүмкіндік береді.

Жабдық сатып алу үшін компания «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында банктен 21,75%-бен несие алды. Оның ішінде кәсіпкер 8% төлейді, ал 13,75% айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды. Сондай-ақ, несиенің 48,57%-ына Қор кепілдік те берді.

Петропавл қ, Иван Шухова көшесі, 34

Тел: + 7 7152 51 19 37, + 7 776 981 57 12

Сайт: https://www.centrglaza.kz/

@centr.glaza.petropavlovsk