info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» Қоры Түркістан облысы филиалының мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындарда өткізген ПРЕСС-ТУРЫ

Жаңалықтар
13.10.2023

Бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсету – өңірдің ғана емес, тұтас елдің кәсіпкерлік секторын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұған «Даму» Қорының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырған пресс турға қатысқан БАҚ өкілдері көз жеткізді. 

Пресс тур аясында «Түркістан облысындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтіп, онда өңірлік филиал директоры Канлыбаев Мугазан Нурмаханович журналистерге нәтижелерді баяндады.

Бизнесті қолдау және дамыту бағдарламалары іске қосылған кезден бастап облыста:

  •        кәсіпкерлердің несие сомасы 357,8 млрд теңге болатын 4130 жобасы субсидияланып,

  •        кәсіпкерлердің 3 007 жобасы «Даму» Қорынан 22,0 млрд теңгелік кепілдік алған. Мұндағы жалпы несие сомасы 56 млрд теңгені құрайды.

 

Оның ішінде жыл басынан бері:

  •         кәсіпкерлердің несие сомасы 21,0 млрд теңге болатын 333 жобасы субсидияланып,

  •         кәсіпкерлердің 266 жобасы «Даму» Қорынан 5,5 млрд теңгелік кепілдік алған. Мұндағы жалпы несие сомасы 13 млрд теңгені құрайды. 

Пресс тур аясында БАҚ өкілдері бизнесін дамытуға мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған кәсіпорындарға барды. Журналистер «Даму» Қорының бағдарламаларына қатысқан кәсіпкерлердің нақты бизнес-кейстерімен танысып, олардың өз аузынан жеңіл несие алу, несиені субсидиялау арқылы қарыз жүгін жеңілдету, несиеге кепілдік алу секілді құралдарды қалай пайдаланғандарын естіді. Сондай-ақ Қазақстанда бизнесті қолдау мен дамытудағы өзекті мәселелер жайлы біліп, кәсіпорын басшыларынан сұхбат алды.

 

Анықтамалық ақпарат:

1)    «SEM BRAND» ЖК – өз өнімдерін «SEM-BRAND» сауда белгісімен өткізетін кәсіпорынның негізгі бағыты: тұрғындардың тапсырыстары бойынша үстелдер мен орындықтар, жұмсақ дивандар жасау, көтерме және бөлшек сауда дүкендері арқылы сату. Қазақстан нарығында 2 жылдан астам жұмыс істеп келе жатыр. Кәсіпорын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан құрал-жабдықтарды алу үшін жылдық 21,75%-бен несие алды. Жоба «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында субсидиялануда, қазір кәсіпорын үшін несие мөлшерлемесі 7 пайызды құрайды.

2)    «НУР-СТРОЙ ЛТД» ЖШС – құрылыс нарығында 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Кәсіпорынның негізгі қызметі – темірбетон бұйымдарын шығару, сонымен қатар металл бұйымдарын өндіру. Компания Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасына қатысудың арқасында «Банк «Bank RBK» АҚ-тан өндіріске арналған арнайы жабдықты сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға жылына 19%-бен қаражат алды, оның 12%-ын «Даму» Қоры субсидиялауда.

3)    «TULĞA SCHOOL» ЖШС – жалпы білім беретін пәндерді де, бейіндік курстарды да қамтитын білім беру мектебі. Мектеп 7-сыныптан кейін оқушыларды қабылдайды. 2023 жылы мектеп «Банк ЦентрКредит» АҚ-тан инвестициялық мақсатта жылдық 21,75%-бен несие алды. Мектеп Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында субсидияланады. Қазіргі таңда мектептің төлейтін несиесінің мөлшерлемесі 8 пайызды құрайды.