info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«CLOTWELL» тігін фабрикасы

Жаңалықтар
26.10.2023

Тігін өндірісінің аутсорсингі – «CLOTWELL» ЖШС бүге-шігесіне дейін игерген саланың бірі. Компания Қазақстанда сапалы киім шығару мүмкін екенін біледі және оны іс жүзінде дәлелдеп келеді.

«CLOTWELL» бір ауысымда 1000 дана бұйым шығара алады. Промо-акцияларға арналған шағын жобаларды да, тапсырыс берушінің сауда маркасымен өнімнің ірі топтамасын да жедел дайындап беруге мүмкіндігі мол. Дизайнерлік-конструкторлық бөлім өз коллекциялары үшін, сондай-ақ корпоративтік клиенттердің нақты техникалық тапсырмалары бойынша киім үлгілерін жасаумен, шеврон салу сияқты тәсілмен матаның кез келген түріндегі бұйымдарға сурет таңбалаумен де айналысады.

Қытай, Италия, Америка, Англия, Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстаннан мата, аксессуар, қаптамалар алдырып, заттаңба өндіруші бірқатар зауыттармен тікелей байланыс болуы баға ауқымын ескере отырып, шынайы қызықты және сапалы бұйымдар әзірлеуге кең мүмкіндіктер ашады.

Компанияның ең үлкен құндылығы – ұжымы. Компания технологиялық процесте, тігу әдістемесінде және процестерді оңтайландырудың басқа да жүйелерінде ұжыммен бірге дамып келеді. 2016 жылы компания өндірістің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында Geiba Kaizen ұқыпты өндіріс жүйесін енгізді. Орасан зор тәжірибе ең ерекше бұйымдарды өндіруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, компания Қазақстанның дизайнерлері мен жас брендтерін қолдап отырады, ортақ игілік үшін барлық білім мен машықтарын үйретуге дайын.

Биыл компания «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында мамандар даярлау орталығын ашуға «Даму» Қорынан қолдау алды. Жобаны «ForteBank» АҚ қаржыландырды.

Алматы облысы, Талғар қаласы, Қарасай Батыр көшесі 2/1

Тел.: +77771117382

Сайт: clotwell.kz

Инстаграм: clotwell.kz